АТР қаңтар айында Антальяда жаңа турнир ұйымдастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2021 жылдың басында АТР 250 санатындағы жаңа турнир ұйымдастырады деп жазады Olympic.kz. 

Аталған турнир Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңімен қатар өткізілмек. Жарыс Түркияның Анталья қаласында ұйымдастырылмақ. 

Жоспар бойынша, турнир 2021 жылдың 7-13 қаңтары аралығында өтеді деп күтілуде. 

Айта кетелік, бұған дейін АТР 2021 жылғы маусымды 4 қаңтар күні АҚШ-тағы Делрей-Бич турнирімен бастайтынын хабарлаған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы