20 Қазан 2024 2024, 11:11
Фото: ktf.kz
ATP 250 Almaty Open финалистері кімдер
ATP 250 Almaty Open турнирі мәресіне жетуге жақын. Кеше, 19 қазанда жартылай финалдық матчтар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ATP 250 Almaty Open турнирі мәресіне жетуге жақын. Кеше, 19 қазанда жартылай финалдық матчтар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлемнің 118-ракеткасы Габриэль Диалло (Канада) ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалында турнирдің төртінші ракеткасы, аргентиналық теннисші Франсиско Серундолоны (31 ATP) ұтты – 6:4, 6:2.
23 жастағы канадалық осы нәтижесінің арқасында дүйсенбіден бастап әлемдік рейтингіде алғаш рет топ-100 қатарына енеді.
Ал әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов жартылай финалда ATP рейтингінде 85-орында тұрған Аустралия өкілі Александр Вукичті 6:7 (3:7), 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 14 минутқа созылды. Хачанов ойын кезінде 15 рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Айта кетейік, Almaty Open турнирінің жекелей сындағы финалдық матчтары бүгін, 20 қазанда сағат 15:00-де өтеді.