5 Қазан 2026, 12:35 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Атом өнеркәсібінің минералдық-шикізат базасы кеңейтіледі

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу жөніндегі жоспарлары қаралды.

Премьер-министр ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын дамытудың маңызды екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өнеркәсіптік әлеуетті одан әрі дамыту және кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан өз АЭС-терін уранмен қамтамасыз ете ала ма?

Уран жеткізу және АЭС: Қазақстан мен Франция энергетикалық байланысты нығайтпақ

Жасанды интеллект те энергияға тәуелді: Қазақстанға АЭС не үшін қажет?