Атом энергиясы агенттігіне төраға орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Серғазин Ғұмар Екпінұлы
Лауазымы:
ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.
Білімі:
- Қазақ-Америка университеті, мамандығы – заңгер, (2008 ж.);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.);
- АЭХА Ядролық құқық институты (Австрия) (2015 ж.);
- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты, мамандығы "электроэнергетика (2020ж.);
Мансабы:
Еңбек өтілін "Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.) қызметінен бастаған;
"БТА Банк" АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);
ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).