Атмосферадағы парниктік газ көлемі рекордтық деңгейге жетті

Кейінгі 20 жылда атмосферадағы парниктік газ концентрациясы адамзат тарихында болмаған деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ауа райын бақылау мекемесі жуырда осындай дерекпен бөлісті. 

Мамандардың айтуынша, былтыр қөмірқышқыл газының шығарындылары рекордтық деңгейге жеткен. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 3 миллион жыл бұрын болған көрінеді. 

Жағдайдың күрт нашарлауына әлем елдерінде жиілеп кеткен орман өрттері себеп болуы мүмкін, – дейді аталған ұйым өкілдері. 

Айта кетейік, қазір ауадағы CO2 концентрациясы индустриалды дәуірге дейінгі көрсеткіштен 51%-ке жоғары. Ал метан көлемі 1750 жылдан бері 165%-ке артқан. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы