Атланта әуежайында атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттарының көлік қауіпсіздігі басқармасы (TSA) Атланта әуежайында атыс болып, кем дегенде үш адам жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін сенбі күні Атлантадағы Хартсфилд-Джексон халықаралық әуежайында абайсызда атыс қаруынан атылған оқ адамдарды шошытты. Әлеуметтік желілерде оқиғаның әуежайда бейберекеттік тудырғаны, ал әуе айлағында белсенді атқыш туралы ақпарат жоққа шығарылғанын көрсететін видеолар тарады.

TSA мәліметінше, жолаушылардың бірінің багажын сканерлеу кезінде тыйым салынған зат табылған. Қауіпсіздік қызметкерлері зат салынған сөмкенің бөлімін ашқаннан кейін «жолаушы сөмкеге қарай жүгіріп барып, қаруды алып, сол сәтте оқ атты. Одан кейін жолаушы әуежайдан жүгіріп шыққан, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан үш адам өміріне қауіп төндірмейтін дене жарақатын алған делінген.

Оқиғадан кейін ұшақтардың ұшуын уақытша тоқтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы