Атлант мұхитында 300-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті
Атлант мұхитында сенегалдық босқындары бар үш кеме жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Испаниялық Канар аралдарына жол тартқан кемелерде 300-ден астам босқын болған. Қазір олардың барлығы із-түзсіз жоғалғандар есебінде.
Мигранттарға көмек беретін Walking Borders тобы өкілдерінің сөзінше, екі кеме (біреуінде 65 адам, екіншісінде 50-60) Сенегалдан кеткен соң екі аптадан кейін байланысқа шықпаған. Ал 200 мигранты бар үшінші кеме елден 27 маусым күні жол тартқан.
Африкалық елдерден келетін заңсыз мигранттар үнемі Испания шекарасын кесіп, елге кіруге тырысады. Испаниялық ІІМ деректеріне сәйкес биыл жыл басынан Испанияға 8,5 мың мигрант келген, оның жартысы Канар аралдарына тұрақтаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балабақша бухгалтері туыстарының шоттарына 47 млн теңге аударған
Өзгелердің жаңалығы