Атбасар ауданындағы өрттен үш бала қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 шілдеде сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Үйде көпбалалы отбасы, 7 адам тұрған. Олар 1979 және 1981 жылдары туған ата-анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.
Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты. Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады.
Сағат 06:40-та өрт ауыздықталды, сағат 08:25-те сөндірілді, үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында үш баланың мәйіті табылды, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД-нің 12 қызметкері мен 2 техникасы, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен тартылған ұйымдардан 3 адам және 3 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда, Көкшетау қаласынан өрт сынақ зертханасы жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада құрылыс материалдары өртенді
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы