Атамқұлов құрылыс жұмыстарының көлемі қанша теңгеге орындалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өніміндегі құрылыстың  үлесі 6,1 пайыз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол 6,25 пайыз болады деп күтілуде. Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстардың көлемі 4,6 трлн теңге болды. Бұл өткен жылғыдан 6,2 пайызға жоғары. Құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді, - деді ол. 

Министр құрылыс материалдары саласында 2400 қызметкер жұмыспен қамтылғанын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. 977 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне 7 теңге жеке инвестиция тартылады, - деді Атамқұлов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы