Атамқұлов технологиялық бұзушылықтар көп болған өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
Министр қандай өңірлерде технологиялық бұзушылықтар болғанын айтты.2020-2021 жылғы жылу беру маусымы тұрақты өтті. Халықты және комуналдық секторды көмірмен қамтамасыз ету министрліктің тұрақты бақылауында болды. Көмір тапшылығы болған жоқ. Өткен жылу беру маусымында 121 технологилық бұзушылық болды, - деді Атамқұлов.
Атамқұлов 11 мың қазандық пен 19 мың шақырым жиелік желіні дайындау қажет.Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, ШҚО, Қарағанды облыстарында бұзушылықтар көп болды. Олардың барлығы нормативтік кезеңде жойылып, су мен жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді. Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандарының 65 мыңнан астамы денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйлер, - деді ол.
Жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындалу үшін өңірлер тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік нысандар желілерін дайындау қажет. 2025 жылғы 15 қазанға дейін ТКШ, тұрғын үй денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларды қамтамасыз ету қажет, - деді ол.