Атамқұлов: Қараөткел ауылына 40 млрд теңге бөлінуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Елімізде жыл сайын халық саны артуда. Тиісінше су тұтыну көлемі де ұлғайды. Халықтың көші-қонына байланысты бүгінгі күні 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет, - дейді министр.Атамқұлов әкімдіктер бұл ауылдар үшін жобалау-сметалық құжаттаманы тез арада әзірлеу керектігін тапсырды.
Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында іс жүзінде 18 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары 8 мың адамға арналған. Мұндай ауылдарда су құбыры желілерін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы