«Ауыл - ел бесігі» жобасына енгізілген ауылдарға басымдық беріледі – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Оның айтынша, сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінеді.

«Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасына енгізілген ауылдарға және өңірлерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген жобаларға басымдық беріледі, - деді ол.

Атамқұлов бүгінде өңірлерде таза суға қолжетімділік әртүрлі деңгейде екенін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін ел халқын түгелдей сапалы ауызсумен қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл міндет «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылады, -деді министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы