Атамқұлов Екібастұзда қанша тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

Павлодар облысы Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы аясында министрлік 41,6 млрд теңге сомасында тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 13 іс-шараға жауапты орындаушы болып отыр, - деді Атамқұлов.
Министр атағандай, Екібастұз қаласында 2025 жылға дейін жалпы ауданы 199,4 мың шаршы метр немесе 2,8 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Оның ішінде Кешенді жоспар аясында мемлекеттік қаражат есебінен тұрғындарды 67,5 мың шаршы метр немесе 748 жалға берілетін және кредиттік пәтермен қамтамасыз ету көзделген. Жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 3 млрд теңге бөлу жоспарланған, - деді ол.

Министр атағандай, соған сәйкес 370 жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 

1 200 уақытша жұмыс орны ашылады. Екібастұз қаласы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік деңгейі - 94%. 2025 жылдың қорытындысында қала халқы 100% сапалы су қызметтерімен қамтамасыз етіледі. 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі жобаларды іске асыруға 23,7 млрд теңге қаражат қажет. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 19,3 млрд теңге бөлінеді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы