Атамекенге көшіп келетіндер үшін квота азаймайды – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. "Отандастар қоры" КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы "Отандастар. Болашаққа бағдар" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізіп жатыр.
Осы жиын барысында ҚР премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шеттен келетін қандастарымызға қатысты біраз мәселенің басын ашып берді.Шетелден көшіп келетін қандастарымыз үшін квота көлемі азаймайды. Бұған дейін қанша квота беріліп келсе, сол деңгей сақталады, - деді ол.Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев шетелдегі қандастардың балаларына берілетін гранттар саны артқанын, олардың оқуы үшін Қазақстан барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Лицензиясы уақытша тоқтатылған 5 ЖОО-ның тізімі шықты
Өзгелердің жаңалығы