Атамекен ҰКП: Кәсіпкерлер 88,1 млрд теңге зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің аумағында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында бизнес нысандары 88,1 млрд теңге зардап шекті.

Бұл туралы “Атамекен” ҰКП хабарлады.

8 қаңтардағы таңғы сағат 09.00-дегі мәліметтерге сәйкес, call-орталыққа 1622 қоңырау түсті. Оның 937-сі тонауға, 23-і форс-мажорға, екеуі блокпостарға қатысты. Жеке тұлғалардан 650 қоңырау болды. Еліміздің 10 өңірінде 1091 нысанда орналасқан бизнес субъектілердің шамамен 920-сы зардап шеккен. Олардың ішінде 1027 нысанда орналасқан 856-сы Алматыда. Алдын ала есептеулерге сәйкес, бизнес субъектілердің жалпы шығыны 88,1 млрд теңгені (Алматыда 86,8 млрд теңге) құрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы