Атамекен ҰКП: Бизнеске келтірілген шығын 93,7 млрд теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты. 

Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Байланыс орталығына 2 774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1 406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қодау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 324. Елдің 9 өңірінде  1 488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1 399 объектіде орналасқан 1 234 субъект, - делінген хабарламада.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; 
қоғамдық тамақтану – 25; 
қаржы секторы – 37; 
логистика – 9; 
БАҚ – 2. 
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы