22 Мамыр 2020 2020, 18:50
Атамбаевтың жағдайы мәз емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлаған.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлаған. Бұл туралы экс-президенттің ұлы Сеид Атамбаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Оған себеп – Атамбаев осымен үшінші рет әйелі мен балаларын құшақтай алмай, оларды терезеден ғана қарап жатыр, – деп жазды Атамбаевтың ұлы.Сеид Атамбаев әкесіне неліктен туыстарымен кездесу қауіпті екенін түсінбейтінін айтады. Оның айтуынша, туыстарының барлығы коронавирусқа тест тапсырған, сараптама қорытындысы теріс болып шыққан.
Сондай-ақ ол әкесіне моральдық қысым көрсетіліп жатқанын да айтты.