Атамбаев ісі. Бішкекте тәртіпсіздікті депутаттар мен бұрын сотталғандар ұйымдастырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте тәртіпсіздікті депутаттар мен бұған дейін сотталған адамдар ұйымдастырды. Бұл туралы баспасөз конференциясында Қырғызстанның ІІМ Кашкар Джунушалиев айтты, деп хабарлады 24.kg.

Айтуынша, ІІМ-де 8 тамыз күні сағат 16.00-де Алмазбек Атамбаевтың жақтастары билікті заңсыз тартып алу, жаппай тәртіпсіздік орнату, ұрлық, тонаушылық мақсатында «Форум» маңына жиналатыны туралы расталған ақпарат болған.

«Кешке орталық алаңға 1,5 мыңға жуық адам жиналды. Арасында бұрын сотталғандар болды, олардың арасында кім болған жоқ. Олар жағдайды тұрақсыз қылуға тырысып, араңдатушылыққа барды. Тәртіпсіздікті ұйымдастырудың артында Жогоркы Кенештің бұрынғы және қазіргі депутаттары тұр», - деді Кашкар Джунушалиев.

Ол қоғамдық тәртіпті орнату үшін арнайы құралдарды пайдалану туралы шешім шығарған. 9 тамызда Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтастары Бішкекте жиналып, тәртіпсіздік жасады. Сонымен қатар, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа сыбайлас жемқорлық бойынша ресми айып тағылған болатын. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы