«Атаманның ақыры» пошта маркасына айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Атаманның ақыры» көркем фильміне 50 жыл толуына орай «Қазақ киносының алтын қоры» сериясымен пошта маркасын айналымға шығарды. 

Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның Instagram парақшасында жариялады.

Пошта маркасының номиналды құны - 300 теңге. Таралымы 10000 дана.  Фильмді біздің YouTube-арнамыздан көруге болады. Сілтеме сторизде. Жақсы әсерге бөленіңіздер! - делінген хабарламада.

«Атаманның ақыры» фильмін жасауға 70-жылдардағы ұлттық киноның үздік қайраткерлері: режиссер Шәкен Айманов, сценарий авторлары Андрей Михалков-Кончаловский мен Эдуард Тропин, актерлер Асанәлі Әшімов, Нұрмұхан Жантөрин, Нұржұман Ықтымбаев, Алтынай Елеуова және басқалары қатысты. 1972 жылы фильмнің өзі, сондай-ақ сценаристері мен актер Асанәлі Әшімовке Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы