Атамқұлов Ресей сыртқы істер министрімен сөйлесті
Астана, baq.kz. Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді.
Сұхбат барысында Қазақстан-Ресей өзара әрекеттесудің бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
№ 29 бағдар өз қозғалыс бағытын өзгертеді
Келесі жаңалық
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Өзгелердің жаңалығы