"Аталар мен апалар": Зайытов егде жастағы күзетшілерге шағымданды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов театр, кітапхана, музей сияқты нысандарды аталар мен апалар күзетші болып отырғанын айтып, наразалық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ринат Зайытов Мәжілісте заңды талқылаған кезде Ресейдегі Крокус сити холдағы жағдай, Бесландағы оқиғаларды мысалға келтірді.
Жалпы мектеп, аурухана, театр террористер үшін қолайлы жерлер. Министрдің орынбасары әр субъект өзінше талап қоя алады деп айтып жатыр. Театрға, кітапханаға, музейге барсаңыз, күзетте кім отырады? 60-қа тақап қалған апалар немесе 70-ке тақап қалған аталар отырады. Олардың өзіне күзетші керек қой. Сіздер күлесіздер. Бірақ ертең бір театрға террористер басып кірмесіне қайсыңыз кепілдік бересіздер? Ең болмаса күзетшілерге ортақ талап қоюға болмай ма? Тым болмаса күзет қызметіне 30-дан асқан әйелдерді алуға болмайды деген, - дейді депутат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 10-нан көп SIM-карта алатындар бақылауға алынбақ
Келесі жаңалық
Үлкен ауылының тұрғындары екінші АЭС құрылысын қолдайды
Өзгелердің жаңалығы