Ата заңға енгізілетін әрбір өзгерісті конституциялық реформа деп санауға болмайды – Нұрмұханов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Тарихи тұрғыдан қарасақ, Қазақстаннда 5 рет Ата заңға өзгеріс енгізілді. Бірақ Конституцияға енгізілетін әрбір өзгерісті конституциялық реформа деп санауға болмайды. Конституциялық реформа белгілі бір ауқымды мәселелерді қамтиды. Осыған дейінгі өзгерістер Парламент арқылы жүзеге асырылды. Бұл жолды демократиялық емес деп айтуға болмайды. Оны қос палаталы Парламент қабылдады. Парламент халық сайлайтын жоғарғы заңнамалық орган, - деді ол. 

Нұрмұханов атап өткендей, АҚШ-та да жиі рефрендум өткізбейтінін айтты. 

Штаттардың деңгейінде кейбір заң бойынша рефрендум өткізіліп тұрады. Ал Швейцарияда 500-ден астам жалпы мемлекеттік референдум өтті. Бізде Парламент не референдум арқылы Конституцияға енгізіледі, - деді Нұрмұханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы