Ата заңға 30 жыл: құндылықтардан реформаларға дейін
Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік дамуы мен құқықтық жүйесінің негізін қалаған тарихи белес болып саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ата Заңға уақыт талабына сай бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді Олардың ішінде ең ауқымдысы – 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдум болды. Бұл саяси реформалар ел тарихында ерекше орын алды, себебі халық тұңғыш рет Конституцияға енгізілетін түзетулерді тікелей дауыс беру арқылы қабылдады. Жаңартылған Ата Заң билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді.
Осылайша Конституция мемлекетіміздің тұрақтылығы мен демократиялық дамуының кепілі ретінде, Қазақстанның жаңғыру жолын айқындап берген тұтас халықтың шешімі болды.
"Ата заң – еркіндіктің тірегі" деректі фильмінде конституцияның жазылуы, конституциялық соттың қызметі мен адам бостандықтары, сондай-ақ 2022 жылы өткен референдум бойынша сарапшылардың пікірлерін тыңдай аласыздар.