Бүгiн 2026, 12:42
Фото: Референдум-2026 телеграм-арнасы
Ата Заңдағы теңге: экономикалық тәуелсіздікке берік қадам
Депутат "ортақ валюта" енгізу туралы қауесеттерді түсіндірді.
Депутат теңгені Ата Заңда бекіту «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан тосқауыл қоятынын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы партияаралық дебатта Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ айтты.
Теңгенің құқықтық мәртебесінің айқын көрсетілуі – бұл теңгенің заңды төлем құралы ғана емес, мемлекеттің нақты экономикалық тірегі екендігін айқындайтынын айтты.
Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАНАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың Жаңа Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті, - дейді ол.
Бұл біздің экономикалық қауіпсіздікке ықпал етеді. Бұл - халықаралық тәсіл.
Оның сөзінше, Қырғызстан, Әзірбайжан секілді елдердің Ата Заңында теңге құқықтық деңгейде бекітілген.