Ата-анасының құқығынан айырылғандар қатары көбейіп келеді

Ондағы мақсат балалар мен әйелдердің жағдайын қадағалап, керекті көрсеткіштерді алу. Өңірде мыңдаған отбасы көмекке жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде балаға қоқан-лоқы көрсететін ата-аналар көп. Оған қоса отбасында әйелге қысым көрсетіп, қол көтеретін азаматтар да табылады. Осыған байланысты облыс бойынша 42 кластердегі 1008 үй шаруашылығына зерттеу жүргізіледі. Оның ішінде қалалық жерде 528 үй шаруашылығы, ауылды мекенде 480 үй шаруашылығы бар.

Ата-анасының құқығынан айырылғандар қатары көбейіп келеді. Біз балаға түрлі жағдайда зорлық көрсетіп, қиын жұмыстарға жегіп қоятын ата-аналарға зерттеу жүргіземіз. Қазір қоғамның психологиясы қатты өзгерген. Үйдегі ер адамдар әйелге қол көтеріп, көкала қойдай қылып сабаған жағдайлар да кездеседі. Мұндайда үйдегі балаларды психологиясы бұзылады, - дейді өңірлік полиция департаментінің ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Естеріңізде болса, бұған дейін ЮНИСЕФ әзірлеген халықаралық мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Осы жылы республика шеңберінде 24 мың үй шаруашылығын қамтымақ. Сауалнамадан алынған мәліметтер базалық көрсеткіштерді белгілеуге, мақсатты анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі ата-ана өзіне қойылған жауапкершілікті бағамдай алмайды. Бала тәрбиесіне салғырт қарайды. Сондықтан балалар жасайтын қылмыс түрі көбейіп келеді. Мәселен, жылына ондаған жасөспірім ұсталып, сотталып кетіп жатыр. Бұл бір ғана біздің өңірдегі жағдай. Сондықтан мамандар әр үйге арнайы зерттеу жүргізуі шарт, - дейді психолог Мөлдір Арыстанбекова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы