Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған
Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды.
Барлығы 30 млн теңге болатын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды.
Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн теңгеден астам алименттік берешек өтелді.
Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейжіңде тұрғындар көшеге шыға алмай отыр
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы