Ата-анасы ажырасқан бала құқығы қай мемлекетте қалай қорғалады?
Астана, baq.kz тілшісі. Қазақстанда баласын жалғыз тәрбиелеп отырған 400 000 ана, 60 000 әке бар. Ата-анасы ажырасқан балалардың құқығы әлемдік практикада қалай реттелетіні туралы Астана қаласында «Қазақстан әйелдері Ассосациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарада айтылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда неке бұзылғаннан кейінгі балалардың тұратын жері мен ата-анасының біреуінің баламен қарым-қатынас уақытын анықтау туралы дау айтарлықтай өршіп тұр. Бала анасымен қалған жағдайда аналар сот шешімін бұзып, баласының әкесімен кездесу тәртібін бұзып, кездесуге тыйым салатын жағдайлар көптеп кездеседі. Тіпті, кейбір балалар ата-аналарының ажырасып кеткенін байқамай да қалады. Психологқа «Анаммен бірге үйден кеткенімді білем, содан кейін әкемді көрген жоқпын» дейтін балалар бар және олар қандай жағдай болғанын кеш түсініп, ұзақ уақыт өткеннен кейін күйзеліске түсуі мүмкін.
«Келешек» психологиялық орталығының директоры, жоғары санатты психолог, Астана қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Наталья Семененко бұл жағдай әлемдік практидада қалай реттелетініне қатысты шолу жасады.
Қазақстан
Сот баланың ата-анасы мен аға-бауырларының қайсысына жақын екенін, жас ерекшелігін, ата-анасының адамгершілік қасиетін, баламен қарым-қатынасы қандай екенін ескереді.
Әкенің баласы кіммен тұратынын анықтау туралы арызы сегіз жағдайға байланысты қаралады:
-
ананың қоғамдық өмір салты;
-
алкоголизм, нашақорлық;
-
сотты болған-болмағандығы;
-
балаларымен бірге тұруға кедергі келтіретін ауыр дерт;
-
балаларына қатысты күш көрсету;
-
ата-аналық міндетін орындамау (балаларын басқа адамға қалдырып кету, мектепте апармай және т.б);
-
-
балаларымен бірге тұруға және тәрбиелеуге жағдайы болмауы;
АҚШ
АҚШ-та баланың құқығы ананың құрсағында-ақ қорғалады. 2003 жылы 21 қазанда АҚШ сенаты жүктіліктің соңғы кезеңінде жасанды түсік жасауға тыйым салынды. Халық наразылығына қарамастан, президент Буш 2003 жылы осы мәселеге қатысты заң жобасына қол қойып, толыққанды заңға айналдырды.
АҚШ-тағы «Полиция заңының» 29а параграфына сәйкес, отбасына күш көрсеткен отағасына екі апта бойы үйіне кіруге және баласы, әйелімен сөйлесуге тыйым салынады.
Ажырасу процесі кезінде ата-анаың ешбірі баласын бұрынғы жұбайына қарсы қоюға құқығы жоқ. Сондай-ақ, әкесі мен анасы балаларына оның кінәсінен ажырасып жатпағандарын түсіндіру міндетті.
Педиатр ата-анасы ажырасып жатқан баланы күйзеліске түсіп кетпеуі үшін психолог кеңесіне жібере алады.
14 жасқа толған бала отбасылық жағдайына көңілі толмаса, сотқа арыздана алады. Бала өз бетімен табыс таба алатынын және өз-өзіне қамқор бола алатынын дәлелдеген жағдайда, ата-анасынан бөлініп шығуына рұқсат етіледі.
Австралия
Австралияда балаға «Қазір таяқ жейсің» деп айтуға қатаң тыйым салынған. Балаға күш көрсеткен жағдайда мектеп қабырғасында ілініп тұрған «Сені ұруға ешкімнің қақысы жоқ» деген жазуы бар сенім телефонына хабарласып, шағымдана алады.
Ол жақта ата-ана баланы жазалағысы келіп бара жатса, бұрышқа тұрғызбайды, олардың жазасы – телефон, айфон, планшеттерін уақытша алып алу. Австралиялық балалар гаджеттермен ерте танысады. Ол жатқа бес жастағы баланың өз смартфоны мен планшеті болуы қалыпты жағдайға айналған.
Австралияда ер адамдар балаларын өте қатты жақсы көреді. Олар декреттік демалысқа шығуға және бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқылы. Сол себепті ажырасу барысында оларда қиындық туындайды. Заң бойынша, егер әкесі баласын ұрып-соқпаса, ажырасқан кезде анасы баласын үйден алып кетуіне құқығы жоқ. Егер ол баласын үйден алып кетсе, ол әкенің құқығын бұзу болып саналады. Мұндай жағдайда ана баласын көріп тұру құқығынан айырылуы мүмкін.
Қырғызстан Республикасы
Қырғызстанда ювеналды сот жоқ. Бүгінгі таңда ол жақта кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын іске асыру үшін стандартты шарттар жоқ. Мемлекет балалардың қажеттіліктеріне арналған қаржыны дұрыс бөліп отырған жоқ.
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының Неке және отбасы кодексінің 185-бабы, 2-бөлігі бойынша, ерлі-зайыптылар бірге тұрса да, бөлек тұрса да балаға қамқор болуға бірдей құқылы. Егер бөлек тұрған жағдайда, бала он жасқа толған кезде кімнен қалатынын өзі шешуге құқылы.
Дау туған жағдайда сот әке мен анасына қатысты жұмыс орнынан алған мінездемесін, тұрғылықты мекенжайын, ата-ананың жұмыс режимін, денсаулық жағдайын ескере отырып шешім қабылдайды.
Зарина Әбілмәжінова, baq.kz