Ата-аналарға мектеп формасын алуға 8500 сертификат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 тамыздан бастап аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алуға арнайы сертификаттар беру басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үш күн ішінде ата-аналарға 8500 сертификат берілді. Оның 1548 мектеп формасына, мектепке қажет керек-жарақтарға алмастырылды. Оқушылардың ата-аналары сертификаттардың арқасында балаларға сапалы материалдан жасалған қолайлы, ыңғайлы киім таңдай алады. 

Сертификат 85 мектептің әлеуметтік педагогтарына, дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатына (БИЛ ), арнайы түзету мектеп-интернатына (СКШИ) берілді. 

Аталған көмекті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары; жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен болатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаған отбасылардың балалары; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тұратын балалар; төтенше жағдай нәтижесінде жедел көмекке зәру отбасылардың балалары; білім  ұйымының алқалық басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің басқа да санаттары алуға құқылы. 

Жеткізушілер (поставщики) тізімі: 

1) "ПСП BMS Sales" ЖШС (Абай даңғылы 8 "Алтын" СҮ, бутик 100, 200/1; "көркем" ТК; Тілендиев к - сі "Рахмет" СҮ 3 қабат, 311 бутик) - мектеп формасының жиынтығы; спорт формасының жиынтығы; мектеп аяқ киімі; мектеп рюкзагі;

2) "Danmart" ЖШС (Орлыкөл к-сі, 14 үй, Danmart компаниясының ғимараты) - спорттық футболкалар; ақ майкалар; шұлықтар, жапсырмалар (мектеп эмблемасы)); 

3) "Samhat" ЖШС ("Жаннұр" СҮ 327 бутик; "ЦУМ" СҮ) - мектеп аяқ киімі;

4) ЖК Байбосынова (Алтын адам) ("Евразия" СҮ, 175 бутик) - мектеп формасы; 

5) Ютария Өндірістік Инновациялық Компания  ЖШС  ltd (Күмісбеков к-сі, 3А, Универмаг) - мектеп формасы; 

6) "Glasman" ЖШС ("Керуен сити" ОСО, "Астана Mall" ОСО, "Еуразия" СОО, "Asia park" ОСО) - мектеп формасы; 

7) "Веста" тігін салоны ЖШС (цех жанындағы дүкен, Әуезов к-сі, 26) - сыртқы киім, көйлек; 

8) "Алтын Адам" ЖШС (Ұлы Дала көшесі, 6/2 үй, "Экспо плаза" ТК, "Алтын Адам" дүкені) - мектеп формасы;

9) ЖК А. Ж. Салкаева (Петров көшесі, 5 үй) - мектеп формасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы