Ақтөбеде баласы түнде көшеде жүрген ата-аналар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында мектеп демалысы кезінде кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың мезгілсіз уақытта жүруін қадағалау мақсатында рейд өтті.


"Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойНұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында мектеп демалысы кезінде кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың мезгілсіз уақытта жүруін қадағалау мақсатында рейд өтті.ын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қысқы демалыс кезеңінде облыс аумағында «Демалыс» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді", - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Аталған жоспарлы ЖАІШ барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.

ЖАІШ жүргізілген нәтижесінде ІІБ-на 158 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 112 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта жеткізілді.

8 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды ІІБ-ның есебіне 12 кәмелетке толмаған жасөспірімдер енгізіліп, олардың 9-ы қараусыз, қадағалаусыз қалған жасөспірімдер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы