"Ата-аналар мен мұғалімдер қорықпауы керек". Мектепішілік есеп деген не
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды енгізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОКҚ алаңында өткен брифингте министрлік өкілі атап өткендей, жаңа модель қиын жағдайдан шығарудың жеке жоспары бойынша баланы кешенді сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл оқу орындарында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін едәуір жақсартады.
Мектепішілік есеп жоғары педагогикалық зейінді талап ететін балаларға көмек көрсету үшін қажет. Балалар, ата-аналар, мұғалімдер мектепішілік есептен қорықпауы керек, өйткені ол балаға қиындықтарды жеңуге көмектесуге арналған және бала үшін де, білім беру ұйымының өзі үшін де құқықтық салдары болмайды, - деп атап өтті Еділ Оспан брифингте.
Бұл есеп балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған кешенді жоспар шеңберінде іске асырылып жатқанын еске сала кетейік.