Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3 мыңнан астам бала қашықтан оқып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 78 ұйымда 3 мыңнан астам тәрбиеленуші қашықтан білім беру технологияларын пайдаланып оқып жатыр. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті хабарлады.
Мектеп мұғалімдері мен жетім балаларға арналған ұйымдар тәрбиешілерінің тығыз тандемі, тиімді шешімдерді таңдау, балалар мен ересектерді компьютерлермен, планшеттермен және басқа да гаджеттермен уақытылы қамтамасыз ету, балалар мен ересектерді алдын ала дайындау қашықтан оқуды ауыртпалықсыз бастауға көмектесті.
EL ARNA және Balapan телеарналарында ұйымдастырылған бейне-сабақтарды, сондай-ақ Daryn.online, Kundelik.kz және Opiq.kz білім беру интернет-платформаларын пайдалануды балалар үлкен қызығушылықпен және ықыласпен қабылдады, - делінген хабарламада.
Балалардың денсаулығын сақтау үшін еріктілер топтарына, меценаттарға және басқа да бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған, үй-жайларда қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдар орнатылған, тұрақты негізде үй-жайларды желдету жүргізіледі, тәрбиеленушілердің жеке гигиенасын сақтауға бақылау күшейтілді, күн сайын медицина қызметкерлері балалардың температурасын өлшейді.
Сонымен қатар, қызмет көрсетуші персоналдың балалармен байланысын барынша азайту үшін қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгертілді, барлық келген қызметкерлерді медициналық тексеру және оларды жеткізу қамтамасыз етіледі.