Ата-ана баласын әуежайда көпе-көрінеу қалдырып кеткен

Ата-анасы мерзімі өткен төлқұжат үшін 10 жастағы баласын әуежайда қалдырып, демалуға кетіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Испанияның Барселона қаласындағы Эль-Прат халықаралық әуежайында болған. Туристер отбасы тексеру кезінде балаларының төлқұжатының мерзімі өтіп кеткенін анықтаған. Ұшаққа отыруға рұқсат берілмегеніне қарамастан, ата-анасы жоспарынан бас тартпаған – олар ұлын әуежайда туыстарын күтуге қалдырып, өздері рейспен ұшып кеткен.

Кішкентай баланы әуежай қызметкерлері байқап қалып, полицияға хабарлаған.

Ол полицияға ата-анасы отанына ұшып кеткенін айтты, – деп жазды әуе диспетчері әлеуметтік желіде.

Полиция саяхатшыларды тауып, ұлымен бірге бөлімшеге жеткізген. Ерлі-зайыптының қамауға алынғаны жайлы ақпарат нақтыланбаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы