Ата-ана баланың өзін бағалауына қалай әсер етеді?

Бұл туралы психолог Ержан Мырзабаев "Альфа ұрпақ" жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ата-ананың қолдамауы, кемсітуі, үнемі баланы сынауы балаға өте қатты әсер етеді. Маған жастары 35, 40, 45-ке келген клиенттер келеді, әлі күнге дейін өзін-өзі бағалауының төмен болуы кішкентай кезінде ата-ананың нұқып, шұқып, кемсітіп отыруынан қалып қойған. 4, 5, 6 жасында болған оқиғалар адамның санасына, түпсанасына сіңіп кеткен. Жасы 40-қа келсе де, психологтың көмегінсіз одан арыла алмай жатыр. Демек бұл жерде баланың өзін-өзі бағалауы, өзіндік құндылығы ата-анадан қалыптасады, - деді психолог.

Ол ата-аналарды үнемі балаларды мақтауға шақырды.

Балалардың кейбір қателіктерін, кемшіліктерін айтқан кезде мұқият болып, олардың жеке тұлғаларына емес, жасалып жатқан әрекетіне, ісіне назар аударыңыз. "Сен мынаны дұрыс емес істедің, оны былай істеу керек" дегендей. "Ақымақ, топас, не істедің? Олай емес, былай істеу керек" дейтін болсаңыз, ақымақ, топас деген қатты есінде қалып қояды да, "мен ақымақпын, менің қолымнан дым келмейді" деп өзін-өзі бағалауы түсіп кетеді, - деді Ержан Мырзабаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы