Ат спортынан Әлем кубогында спортшымыз күміс медаль иеленді

Өзбекстан астанасы Ташкентте ат спортынан Әлем Кубогының кезеңі (CSIO 1*-W) жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.

Кедергілерді еңсеруде N6 бағдарында Ұлттық құрама спортшысы Ясмин Ибрагимова күміс жүлде жеңіп алды. Ол 130 см биіктіктегі кедергілерді Quattro VDB лақап атты жылқымен жүріп өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы