Асық атудан әлем кубогі: астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды
Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты.
Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қырғыз елінің спортшылары теленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат футбол федерациясының басшылығына жүрегі қазақ деп соғатын азаматты қоюды сұрады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы