Қасымов Армения елшісімен кездесті

Астана, baq.kz. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Арменияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында тараптар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және болашағы туралы пікір алмасты», делінген хабарламада.

Тараптар мүдделі бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылдарды нығайтуға әзір екендіктерін мәлімдеді.

Кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог түрінде өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы