Қасымбек: Теміртау ғана "Қазақстан Магниткасы" деп аталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек металлургтерді мерекесімен құттықтады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күндері біз облысымыздың ең басты кәсіби мерекелерінің бірі Металлургтер күнін атап өтеміз. Биылғы жылы біз алғашқы қазақстандық шойынның алынуы мен Қазақстан Магниткасының мерейтойын атап өттік. Елімізде металлургиялық кәсіпорындар көп болғанымен, оның ішінде Теміртау қаласы ғана "Қазақстан Магниткасы" деп аталады, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Жеңіс Қасымбек осы салада еңбек етіп жатқан қызметкерлерге алғыс айтты.
Тұңғыш Президент өз естеліктерінде Теміртау қаласын өзінің бесігі десе, металлургия саласын өзінің басты университеті деп атайды. Бұл жер Елбасымыздың Еңбек Отаны болып табылады. Қазақстан Магниткасында үлкен өмір мектебінен өткен Елбасы жұмысшылардың еңбегіне әрдайым құрметпен қарайды. Бұл мереке күні біз осы салада еңбектеніп жатқан барлық қызметкерлерге сүйікті кәсіптеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық металлургтерге зор денсаулық, бақыт және амандық, елімізді өркендетуде жаңа табыстарды тілейміз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы