Қасымбек Арыста қанша тұрғын үй жарылыстан зардап шеккенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлер туралы айтты.
«Алдын ала деректер бойынша Арыс қаласында өрттен 19 тұрғын үй мен 9 ғимарат зардап шеккен. Электр желілері бұзылған. Қаладағы 60-70% үйлерде жарылыстан терезелер, әйнектеріне зақым келген», - деп айтты Үкімет басшысының орынбасары.Ол материалдық залалдар туралы нақты мәліметтер комиссияның материалдық залалды бағалау жөніндегі сауалнамасы төңірегінде анықталатынын айтты.
«Комиссия жұмысы Қорғаныс министрлігінің саперлық бөлімшелері жұмысы біткеннен кейін басталады. Әкімдер тарапынан өтініш беріліп және тиісті есептеулер жасалғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік материалдық резервінен құрылыс материалдары бөлінеді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен әкімшілік жұмыстарға дайын. Нәтижелер бойынша қосымша деректер жарияланады», - деп сөзін түйіндеді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы