Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының ауыр қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қайта қауышуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы