Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
Қазақстан президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы