Асыл тұқымды мал өсіретін орталықтар ұрықты сатып алады

Заң жобасында асыл тұқымды орталықтарға ұрық сатып алу мүмкіндігін беріледі,деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы туралы айтты. 

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы - асыл тұқымды орталықтарға ұрық сатып алу мүмкіндігін беру. Ол қажетті генотиптегі аталықтарды алу үшін тапсырыс бойынша шағылыстыру жұмыстары мақсатында пайдаланады.Одан басқа республикалық палаталардың ұсыныстары бойынша және жануарлардың тұқымдық және өнімділік қаситеттерін жақсарту мақсатында Заң жобасымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңадан алынған ұрық және эмбриондарды пайдалануға мүмкіндік беріледі, - деді ол. 

Министр атағандай, аталған заң жобасы Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу және биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу туралы заңға ұсынылып отырған өзгерістер кондитерлік кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер берудің шарты болатын келісім жасасудың тәртібін әзірлеу мен бекіту компетенциясын министрлікке және сол келісімдерді жасасу компетенциясын жергілікті атқарушы органдарға бекітеді, - деді Қарашөкеев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы