Асу Алмабаев UFC-дің басты жекпе-жегінде оңбай таяқ жеді
2 наурызға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 253 турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА жұлдызы Асу Алмабаев пен португалиялық файтер Манел Капе кездесті.
Бірінші раундта Капе басым болды. Португал спортшысы көбірек соққы жасап, бірауыздан бірінші раундты өз еншісіне жазды..
Екінші бесминуттықты қазақ спортшысы белсенді бастады. Дегенмен, екінші бөлікте Капе тізгінді қолға алды. Соққыларын дарытты, қарсыласқа күресуге мүмкіндік бермеді.
Өкінішке қарай, үшінші раундта португал спортшысы Асуды сабап тастады. Ізбе-із соққылардан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Капенің жеңісін тіркеді.
Осылайша, Алмабаев мансабында үшінші рет жеңілді. Ал, UFC-де алғаш рет қарсыласқа жол беріп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропа Украинаға көмекті күшейтті
Өзгелердің жаңалығы