5 Тамыз 2023 2023, 09:05
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57/
Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, Асу тамыздың алтысына қараған түні АҚШ-тың Нэшвилл қаласында өтетін UFC on ESPN 50 турниріне қатысады.
Алмабаевтың қарсыласы ямайкалық Оде Осборн (12-5). Ең жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек турнирдегі бірінші айқас болады.
"Мен дайынмын", - деп жазыпты Алмабаев Instagram желісінде.