31 Тамыз 2026, 07:51 Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Асу Алмабаев Түркиядағы грэпплинг турнирінде чемпион атанды

Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен титулдық белдесуге шықты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Стамбулда өткен ACBJJ 22 грэпплинг турнирінде жеңіске жетті.

Sports.kz-тің хабарлауынша, Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен титулдық белдесуге шықты. All-Stars Title Match мәртебесіндегі кездесу No-Gi, яғни кимонoсыз күрес ережесі бойынша өтті.

Белдесу қорытындысында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды. Осылайша Асу Алмабаев турнирдің чемпиондық атағын иеленді.

Айта кетейік, Алмабаевтың ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өткен. Ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта жеңген.