Астық келісімі аясында Украина порттарынан астық артқан тағы 13 кеме жолға шықты
Оларға жалпы алғанда 200 мың тонна агроөнім тиелген. Бұл туралы Украинаның Инфрақұрылым министрлігі мәлімдейді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Ведомство таратқан ақпарға сәйкес кемелер Африка, Азия және Еуропа елдеріне аттанды. Астық дәлізі іске қосылғалы Украина 6 млн тоннадан астам өнім экспорттаған.
Естеріңізде болса, 22 шілдеде Ыстамбұлда Киев пен Мәскеу БҰҰ және Түркияның арағайындығымен астық келісіміне келген еді.
Ол бойынша Украинаның Черноморск, Одесса және оңтүстік порттарынан астық экспортына жол ашылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Алжир» лагерінің көрмесі ашылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы