Астрономдар желтоқсанда аспаннан нені көруге болатынын айтты
Астрономдар ең ұзақ түндер болатын желтоқсан айында аспаннан нені көруге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәскеу планетарийі мамандарының мәліметіне сәйкес, желтоқсанда Марсты Ай жауып, екі жұлдыз ағатын мезгіл мен астрономиялық қыс орын алады.
Сондай-ақ айдың басында күшті метеорлық ағынды бақылайтын кез келеді. Геминидтер жұлдыздардың саны бойынша барлығын басып озады.
Метеорлар ағыны 4 және 17 желтоқсан аралығында орын алуы мүмкін. Ол дегеніміз – ақ және жарқын сипатта болады, өте жиі түседі. Белсенділіктің шыңы 13-нен 14 желтоқсанға қараған түнге сәйкес келеді деп күтілуде. Сағатына 150 метеорға дейін түседі деп болжанды.
Өкініш қарай, биыл Геминидтерді бақылау жағдайы аса жағымды емес. Себебі Ай соңғы тоқсанда жақын орналасқандықтан, аспанда өте қатты жарқырайды.
Тағы бір қуатты метеорлық ағын – урсидтердің шарықтау шегі ең ұзын түн – 21-нен 22 желтоқсанға қараған түні орын алады.
Одан бөлек, мамандар 8 желтоқсанда бірден үш астрономиялық оқиға – айдың толған шағы, Марстың тұспа-тұс тұруы мен Айдың Марсты жабуы болатындығын айтты. Барлық үш құбылыс таңғы уақытта, 10.00-ден 13.00-ге дейін болады.