AstraZeneca вакцинасы: Сынақтар тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Себебі, сынаққа қатысқандардың бірінде жанама әсер анықталған.
AstraZeneca фармацевтикалық компаниясының вакциналық сынақтарының үшінші кезеңі тоқтатылды, деп хабарлады statnews.com. Себебі, сынаққа қатысқандардың бірінде жанама әсер анықталған. Алайда, жанама әсерлердің себептері әлі анықталған жоқ.
Компанияның хабарлауынша, науқас ауруды жеңіл өткеруде және жақын күндері қалпына келуі керек.
Жалпы, әлем бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 28 миллион адамға жуықтады. 20 миллионға жуық адам сауығып шықты, ал 900 мыңға жуық науқас қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында ет өткізу проблемаға айналды
Өзгелердің жаңалығы