AstraZeneca вакцинасы оңтүстікафрикалық штаммнан тек 10%-ға қорғайды – ғалымдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зерттеулер аталмыш вакцинаның коронавирустың оңтүстікафрикалық штаммына қарсы қорғанысы әлсіз екенін көрсетеді, алайда, бұл індеттің ауыр ағымының алдын алуы мүмкін.
AstraZeneca компаниясының СOVID-ке қарсы вакцинасы коронавирустың оңтүстікафрикалық штаммынан тек 10%-ға қорғайды. Бұл туралы 8 ақпан күні шағын үлгідегі зерттеу деректеріне сүйеніп, The Guardian және BBC хабарлады.Зерттеу тобы жағдайлардың тек 10%-да вакцина адамдарды жеңіл және орташа белгілерден қорғағаны аталып өтті. Дегенмен, вакцина әлі де індеттің ауыр ағымынан қорғайды деген үміт бар.
Зерттеуді Оңтүстік Африка Республикасындағы Уитвотерсренд және Оксфорд университеттері жүргізген, бірақ зерттеуді басқа ғалымдар әлі қарастырған жоқ.
Сынақ жұмыстарына қатысқандардың орташа жасы 31 жас, яғни, мұнда коронавирус аса қауіп төндіретін жас тобы болған жоқ.
Алайда, AstraZeneca және ауыр белгілерге қарсы тиімділік көрсеткен Johnson & Johnson компаниясы вакциналарының ұқсастығы індеттің ауыр ағымының алдын алуы мүмкін деген үміт бар.
Айта кету керек, осы жаңалықтардан кейін Оңтүстік Африкада вакцинаның таралуы тоқтатылды, өйткені коронавирустың оңтүстікафрикалық штаммы елдегі барлық жағдайдың 90% құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы Опера және балет театры саябағының жөндеу жұмысы қашан аяқталатыны айтылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы