Астананың жасыл белдеуіне 550 қырғауыл жіберілді
Бұған дейін жасыл белдеу аумағында 850 бас қырғауыл босатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарды елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астана орманы» ЖШС, «Астана Ветсервис» ПВХ-дағы МКК және Ақмола облыстық Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірлесіп атқарған.
Шығарылған қырғауылдарды «Астана орманы» ЖШС орманшыларының күшімен үнемі бақылап, ал қажет болған жағдайда қысқы уақытта қосымша азықтандыру жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы