«Астананың» үздік ойыншысы Түркияға ауысуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов спорттық карьерасын Түркияда жалғастыруы мүмкін.

Sportske jutarnji, таратқан мәліметке сәйкес, хорватиялық футболшы Түркия клубтарының бірінен ерекше ұсыныс алған. Бұл трансфер осы жаздың соңына дейін жүзеге асуы мүмкін деп жазады басылым. 

Ал Түркияның Yeniakit.com.tr басылымы Томасовқа «Қасыпаша» клубы қызығушылық танытып отырғанын хабарлады. Бұл команда Түркия суперлигасында 14-орында келе жатыр. 

Марин елорда клубында 2017 жылдан бері ойнап жүр футболшымен келісімшарт жылдың 2019 жылдың соңына дейін жасалған. 

Бұған дейін Түркия чемпионатына «Астана» командасының қорғаушысы Марин Анчич ауысқан болатын. Ол «Коньяспор» клубымен екі жылдық келісімшарт жасасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы